Атырауда ауылдарға ауыз су құбыры тартылады

Үкіметтің кезекті отырсында батыс өңірге, соның ішінде Атырау облысының әлеуметтік саласына қомақты қаражат қаралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Хабар 24.

Алдағы бес жылда мұнайлы өңірде жалпы сомасы 8,9 трлн теңгені құрайтын 185 іс-шара қамтылады деп күтілуде. Оның ішінде ауылдарды таза, ауыз сумен қамту жобасы да бар. Күні бүгін облысқа қарасты 151 елді мекеннің 27-де тіршілік нәрі тапшы. Мысалы, Қызылқоға ауданынының орталығы Миялы мен тағы да 2 елді мекенге таза ауыз су сағаттап беріледі. Ал шалғайдағы ауылдар суды автокөлікпен тасымалдап ішуге мәжбүр. Осыған орай, биыл 13 елді мекенге құбыр тарту жұмыстары басталады. Олардың жобалық-сметалық құжаттары дайын. Тиісті қаражат бөлінген.

Нариман Таушев, облыс әкімінің орынбасары:

– Келесі жылға тағы алтауы қаралып отыр. Қалғандары алдағы 2025 жылға дейін оларға да республикалық бюджеттен қаражат қаралып отыр. Енді бір мәселе су жүйесін салу. «Тайсойған-Миялы» топтық су жүйесі бар ғой оны салу мәселесі бар. Бұл да қолға алынып отыр.