Петропавлда азық-түлік қоры құрылды

Әлеуметтік маңызы бар тауарлар нарыққа арзан бағаммен өткізіледі, деп хабарлайды Хабар 24. 

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, қазір отандық тауар өндірушілерден 1 мың 500 тонна картоп, 250 тонна орам-жапырақ, 200 тонна сәбіз, 300 тонна пияз, 680 тонна қант пен 500 тонна өсімдік майы сатып алынды. Сонымен қатар күріш, қара-құмық, макарон өнімдері де жеткізілді. Бұл өнімдер арнайы қоймада сақталады.

Ғамали Жұмашев,  ӘӘК АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Картоптың келісі 105 -115 теңге. Орамжапырақ 85-95 теңге. Қалған өнімдер де арзан бағамен сатылады. Біздің сауда нүктелеріміз қаладағы ірі сауда орындарында бар. Бұл нарықты күзге дейін қамтуға жетеді.