Алматы облысында қатерлі ісікке шалдыққандар күрт көбейді

Алматы облысында қатерлі ісікке шалдыққандар күрт көбейді

Алматы облысында аты жаман ауруға шалдыққандар көбейген.

Былтыр өңірдегі 16 мыңға жуық адамнан қатерлі ісік белгілері байқалған. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 23 пайызға көп. Мамандар, әсіресе, жастар мен әйелдер арасында жиі кездесетінін айтып отыр. Мәселен, науқастардың 12 процентіне сүт безінің обыры диагнозы қойылған. Екінші орында асқазанның қатерлі ісігі, үшіншісінде өкпе обыры тұр.

Дәрігерлер ауруды дер кезінде анықтау үшін скринингттіктен өтіп, жылына бір рет тексеріліп тұру керек дейді. Әрі көпшілік үшін бұл қызмет тегін екенін атап өтті.

Гүлайым Оразбекова, облыстық көпсалалы клиника директорының орынбасары:

– Жыл санап төртінші саты артып жатыр, яғни біз науқастардан бес жылға жетпей айрылып қалып жатқан жағдайларымыз бар. Сондықтан халыққа айтарымыз – ертерек келіп қаралу керек. Сізді ерте сатыда анықтасақ, сіздің өмір сүру  ұзақтығыңыз 15-20 жылға созылып жатады. Бізде төртінші ақпанда облыстық көпсалалы клиникамыз ашық есік күнін ұйымдастырып жатыр. Соған орай үш онкологиялық кабинетте үш онколог қабылдайды.