Утилизациялық төлемдер қайта қабылдана бастады

Елде утилизациялық төлемдер қайта қабылдана бастады.

Мұны "Жасыл даму" акционерлік қоғамы жүргізеді. Қазіргі уақытта өндірушілер мен импорттаушылардан утилизациялық алым қабылдау толық жүзеге асырылып жатыр.

Еске сала кетейік, 24 қаңтардан бастап төлемдерді қабылдау "РОП" операторынан «Жасыл даму» мекемесіне өтті. Осы аралықта төлем жасағаны жөнінде 865 сертификат берілген. Ал утилизациялық төлем әзірге ақпан айының соңына дейін бұрынғы тарифпен қабылданады, деді "Жасыл даму"-дың баспасөз қызметі.