Елордада күл төгуге арналған контейнерлер орнатылды

Елордада күл төгуге арналған контейнерлер орнатылды

Елорданың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Clean City NC» ЖШС-мен бірлесіп, Байқоңыр және Сарыарқа аудандарындағы жеке секторларда күл жинауға арналған контейнерлер орнатты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Айта кету керек, «Clean City NC» ЖШС осы контейнерлерді орнатумен ғана айналысады, ал оны шығару жекелеген мердігерлік ұйымдарға жүктеледі.

Дегенмен арнайы контейнерлер орнатылғанына қарамастан кейбір тұрғындар қоқысқа арналған контейнерлерге немесе оның айналасына күл төгуді тоқтатар емес.


Күлді арнайы орнатылған контейнерлерге төгу неліктен маңызды?

Қоқыс жинауға арналған контейнерлер күл төгуге арналмаған.

Сол сияқты толық сөнбеген күл пластикалық контейнерлерді өртеп жіберуі мүмкін, мұндай жағдай жиі кездеседі.

Бұдан басқа, қоқыс пен күл әр түрлі көлікпен шығарылуы тиіс: қатты қалдықтар үшін қоқыс тасығыш, күлді шығару үшін манипуляторы бар арнайы жабдықталған машина пайдаланылады.

 

Күлді шығару үшін арнайы келісімшарт жасаудың қажеті жоқ.