Оралда эпидахуал күрделі болып тұр

Батыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық ахуал мәз емес. Қазір өңір «қызыл аймақта».

Кейінгі тәулікте 296 адам қатерлі індетке шалдыққан. Облыс орталығы мен аудандар бойынша 11 мектепте 18 сынып карантинге жабылды. Аурудың таралуын тежеудің бірден бір жолы, вакцина салдыру, дейді мамандар. Қараша айынан бері 44 мыңға жуық өңір тұрғыны ревакцинациядан өткен.

Мұхамғали Арыспаев,  облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- Елімізде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдерді Комирнати екпесімен вакциналауға рұқсат берілген болатын. Өңірімізде бұл вакцинамен егілуге жататын 63765 тұрғынның күні бүгін 8890-ы адам осы вакцинациясын алып отыр. Сондықтан вакцина алмаған азаматтарды екпенің толық курсынан өтуге, вакцинаның екі дозасын да алған адамдарды ревакцинациядан өтуге шақырамыз.