Қостанай облысының кейбір ауданында мемлекеттік қызметті көрсетуде заң талаптары жиі бұзылады

Қостанай облысының кейбір ауданында мемлекеттік қызметті көрсетуде заң талаптары жиі бұзылады

Қостанай облысының кейбір аудандарында мемлекеттік қызмет көрсетуде заң талаптарын бұзу әдетке айналғандай.

Көбіне өтініш, шағымдарды қарау мерзімі сақталмайды. Сол үшін де бірнеше аудан әкімдерінің орынбасарлары тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мұндай өрескел олқылықтар басқа да мемлекеттік органдарда кездеседі. Әсіресе жер қатынастарын реттеу саласында жиі тіркеледі екен. Жалпы былтыр Қостанай облысында тұрғындарға 10 миллиноға жуық түрлі мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым миллионға көп.

Азамат Қашиев, ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының басшысы:

- Айта кету керек, 2021 жылы заңнама талаптарын бұзу санын азайту бойынша оң динамика байқалады. 2020 жылы – 2 279, өткен жылы 488 бұзушылық анықталды. Жалпы жіберілген бұзушылықтар үшін лауазымды 15 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.