Интернет алаяқтары тыйылмай отыр

Интернет алаяқтары тыйылмай отыр

Елімізде интернет алаяқтық фактілері қаптап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр бір жылдың ішінде 21 мыңнан астам осындай қылмыс дерегі тіркелді. Ал биыл қаңтар айының өзінде оның саны 1 мың 200-ге жетіп отыр. Бұл туралы Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының міндетін атқарушы Рүстем Дүйсетаев  мәлімдеді. Маманның айтуынша, көбіне алаяқтар азаматтардың атына микрокредиттік ұйымдардан онлайн қарыз рәсімдейді екен. Ең сорақасы тұрғындар аңғалдығының кесірінен өздері тұзаққа түсіп жатыр. Бүгінде алаяқтар банк қызметкері болып хабарласып, азаматтардың атынан несие алу дерегі жиілеп кетті. Былтыр 2 мың 300 осындай қылмыс түрі әшкереленді. Алаяқтар мұнымен шектелмей, халықты алдап, түрлі ойындар мен жалған жобаларға инвестиция ретінде қаржы тартып сан соқтырған. Бұл ретте, құқық қорғаушылар есепшоттардағы қаражатты жиі тексеріп отыруға кеңес береді. Әрі қаржылық ұйымдары ұсынған қауіпсіздік шараларын қолдану керек.