Зейнет жасына таяп қалған бес мың қазақстандық жұмыспен қамтылады

Зейнет жасына таяп қалған бес мың қазақстандық жұмыспен қамтылады

Биыл еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Күміс жас» жобасын іске қоспақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

2025 жылға дейінгі бағдарлама кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жүргізіледі. Оған қатысамын деушілерге бірқатар талап бар. Мәселен, үміткер ретінде кемінде бір жыл екі қолға бір күрек таба алмай жүргендер ғана тіркеле алады. Ал жұмыс берушілер арасында басымдық салық пен жалақыны уақытылы төлейтін әлеуметтік төлем жасайтын кәсіпорындарға беріледі. Ережеге сәйкес бағдарлама қатысушыларына ауыр немесе денсаулыққа зиян келтіретін жұмыс түрлері ұсынылмайды. Еңбекақының тең жартысы мемлекет тарапынан субсидияланады. Айта кетерлігі, «Күміс жас» жобасы бойынша ең көп дегенде 12 ай ғана қызмет етуге рұқсат. Бұл мерзім аяқталғаннан кейін кәсіпорын ізденушіні тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді.