Қазақстанда эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Қазақстанда эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды

9 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

«Қызыл» аймақта: Алматы қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.