Күнбағыс майы қымбаттауының бірнеше себебі бар – Агенттік

Күнбағыс майы қымбаттауының бірнеше себебі бар – Агенттік

Бір жарым жылда елде күнбағыс май құны 1,3 есе өскен. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қымбатшылықтың бірнеше себебін атады.

Былтыр шикізат қоры аз болғандықтан өндірушілер оны сырттан қымбат бағаға алуға мәжбүр болған. Ал жиын-терім мәселесі біз де ғана емес, әлемге тән. Оған ауа райының қолайсыздығы мен судың қымбаттауы әсер еткен. Қазір еліміздегі 8 ірі кәсіпорын күнбағыс майын шығарады. Бірақ нарықтағы өнімнің 30 проценті сырттан келеді. Демек, әлемдік баға қарапайым халықтың қалтасына салмақ салмай қоймайды. Былтыр елде 323 мың тонна май өндірілді.