Қаңтар оқиғасы: алты адам уақытша ұстау изоляторында қайтыс болды

Қасіретті қаңтар кезінде қамалған 6 адам уақытша ұстау изоляторында көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бастығы Ризабек Ожаров мәлімдеді. Қазір аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы орган тергеп-тексеру кезінде қолдануға болмайтын әдісті қолдану дерегін анықтап жатыр. Бұған дейін бұл істі жемқорлыққа қарсы қызмет органдары тергеген. Ведомствоның мәліметінше, қаза тапқандардың екеуі Алматыда, үшеуі Шығыс Қазақстан облысында және біреуі Талдықорғанда көз жұмған. Бұдан бөлек прокурорлардың қарауына тергеу изоляторында отырған тағы бір Талдықорған тұрғынының денесіне үтік басып, азаптауға қатысты атышулы іс келіп түсті.