«Дикий Арманға» қатысты бейресми жазба жайлы құзырлы органнан жауап күтеміз

Әлеуметтік желіде тағы бір бейнежазба талқыланып жатыр. Онда Дикий Арман деген лақап атпен белгілі адамға ұқсас ер адам бейнеленген. Ол қолына тапанша тәрізді затты алып, тізерлеп отырған адамның маңдайына тақаған. Бұл бейне кадрлар қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінде түсірілуі мүмкін деген болжам бар. Бірақ әзірге бұл бейресми ақпар.

Біз істің ақ-қарасын анықтау үшін еліміздің Бас прокуратурасына сауал жолдадық. Құзырлы органнан жауап күтеміз.