Қазақстандағы эпидахуал: «қызыл аймақта» ешбір өңір қалған жоқ

Қазақстандағы эпидахуал: «қызыл аймақта» ешбір өңір қалған жоқ

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. 

2022 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша:
   
«Қызыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ.

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары.
   
«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.