ASHYQ қосымшасынан «сары» мәртебе алынып тасталды – Қарағанды облысы

ASHYQ қосымшасынан «сары» мәртебе алынып тасталды – Қарағанды облысы
inform.kz

Қарағанды облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты. Осы құжатқа сәйкес бірқатар карантин шектеулері жеңілдетіледі.

Коронавирус инфекциямен сырқаттанушылық деңгейінің төмендеуіне байланысты Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы шығарылды, оған сәйкес бірқатар шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылданды:

– қала маңындағы жолаушылар пойыздарының (электр пойыздарының) қозғалысына және жалпы вагондары бар жолаушылар пойыздарының қозғалысына рұқсат етілген;

– ASHYQ қосымшасындағы «сары» мәртебе алынып тасталды.

Еске сала кетейік, нысандар үшін маска режимін сақтау, антисептиктерді пайдалану, тұрақты түрде желдету және әлеуметтік қашықтық сақтау секілді талаптары қалады. Қаулы 2022 жылғы 28 ақпан күні сағат 00.00-де күшіне енеді.