Б. Орынбеков: Жамбыл облысында үш су қоймасын салу керек   

Жамбыл облысында су тапшылығын шешу үшін 3 жаңа су қоймасын салу қажет. Сенатор Бекболат Орынбеков Үкіметке осындай депутаттық сауал жолдады.

Оның айтуынша, су тапшылығы өңірдегі ауыл шаруашылығының дамуын тежеп отыр. Яғни, елдің азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп жатыр. Жамбыл өңірінде суармалы су ресурстарының 85 проценті Қырғыз Республикасы аумағында орналасқан. Трансшекаралық су мәселелері түбегейлі шешілмей тұр. Қырғыз тарапы бұрын бекітілген су жіберу тәртібін сақтамайды. Сондықтан еліміз жыл сайын Шу өзенінен 50 процент, Талас өзенінен 25 процентке дейін су ала алмайды. Мамандар, биыл Шу және Талас өзендері бассейндеріндегі қар қоры аз деп отыр. Бұл жағдайды қиындатуы мүмкін.

Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Аграрлық аймақ болып саналатын Жамбыл облысының аумағындағы трансшекаралық өзендерінің бойында су қоймаларын салу қажеттілігін іске асу ұсынылады. Атап айтқанда, Жамбыл өңірінде миграциялық мақсаттар үшін пайдаланылатын су ресурстарының 85 проценті Қырғыз Республикасы аумағында қалыптасады. Сол себепті вегетация кезінде 1983 жылы қабылданған трансшекаралық Шу және Талас өзендері ағындыларының суын бөлу туралы келісім шарттарынажәне оның екінші тараптан орындалуында тәуелді болып келеді. Аталған кедісімге сәйкес өңірге Шу өзені бассейн бойынша 370 млн текше метр және Талас өзені бойынша 590 млн текше метр суы тиесілі.