Рухани тәрбие – ұлттық құндылық

Балалар жылы аясында белгілі ақын, манасшы Баянғали Әлімжанов оқушыларға үлкен тарту жасады.

Өскелең ұрпақпен кездесіп «Мейірімді Асқар» атты ертегісін таныстырды. Мақсаты – өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтармен сусындатып, рухани тәрбие беру. Оның айтуынша, басқа да туындылары ағылшын, орыс тілдеріне аударылып, ұлттық кітапханаға табысталды. 

Баянғали Әлімжанов, ақын:

– «Бабалар сөзі» кітабының батырлар жыры жөніндегі әңгіме. Балаларға батырлар жырын қалай оқытамыз деген әңгіме. 19 том менің мақалаларым, естеліктерім, 20 том қазақша нұсқасы мен аударған. 21 том жүз жылдық толғау атты романының араб тілінде аударылған нұсқасы және балаларға арналған ертегі бар, ағылшын тіліндегі нұсқасы. Менің 21 томым ағылшын араб тіліндегі дүние болып тұр.