Екібастұзда мереке қарсаңында 72 отбасы баспаналы болды

Екібастұзда мереке қарсаңында 72 отбасы баспаналы болды
Фото: Константин Шелков

Екібастұзда отбасыларға жаңа пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қалалық әкімдігінің мәлімдеуінше, шаһардағы Торайғыров көшесі, 114/1 мекенжайы бойынша жаңа үй пайдалануға берілді.

«72 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Оның ішінде 18 көп балалы отбасы 3 бөлмелі пәтерге кірді. 36 отбасыға 2 бөлмелі пәтердің кілті табысталса, 18 отбасы 1 бөлмелі баспанаға қол жеткізді. Баспаналы болғандар қатарында 16 жетім бала бар»,– деді әкімдікте.

Жаңа үйдегі 3 бөлмелі пәтердің жалпы ауданы 70 шаршы метрден асса, 2 бөлмелісі 56 шаршы метрді, 1 бөлмелісі 40 шаршы метрді құрайды.

Сондай-ақ әкімдікте бірінші жарты жылдықта тағы 72 отбасы баспаналы болатынын атап өтті.