Коронавирустан емделіп жатқан 41 адамның жағдайы өте ауыр

Коронавирустан емделіп жатқан 41 адамның жағдайы өте ауыр

Қазақстанда 8 наурыздағы мәлімет бойынша 13 972 адам коронавирус инфекциясынан (12 899 КВИ+ және 1 073 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Олардың ішінде: 1 409 пациент стационарда, 12 563 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

108 адамның жағдайы ауыр, 41 пациенттің жағдайы өте ауыр, 20 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.