SCAT Ресейге әуе бағыттарын еселеді

SCAT Ресейге әуе бағыттарын еселеді

Шымкенттік «Скат» компаниясы Ресей Федерациясына әуе бағыттарын көбейтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы толық тоқтады деп айтуға әлі ерте. Скаттың ұшақтары жеке меншік болған соң сақтандыру шартындағы өзгерістер бұл компанияны айналып өтті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жағдайды осылай түсіндірді.

Виктория Старожилова, «Scat» әуе компаниясы» АҚ бөлім басшысы:

– Ресей Федерациясына ұшқысы келетін жолаушылар санының күрт артуына байланысты компаниямыз аталған бағыттағы рейстерін көбейтті. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және Азаматтық авиация комитетімен бірлесе жұмыс атқарып жатырмыз. Қазіргі таңда компания кестеге жаңа рейстерін қосты. Жуырда билеттер сатылымға шығады.

Бұдан бұрын «Ural Airlines-тан» басқа барлық ресейлік әуе компаниясы Қазақстанға ұшуын тоқтатқан. «Орал әуе жолы» өкілдері кестеде бар бағыттардың ұшу жиілігі артатынын айтты. Ал бұған дейін хабарлағанымыздай «Эйр Астана» мен «ФлайАрыстан» жолаушылары ақшасын қайтару үшін билет сатып алған орнына хабарласу керек.  

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Әлішер Нақыпов, Артур Горшняков