Мариупольдегі қазақстандықтармен байланысу мүмкін болмай отыр

Мариупольдегі қазақстандықтармен байланысу мүмкін болмай отыр

Украинадағы Қазақстан елшілігінің ақпаратына сәйкес, Мариупольдегі азаматтарымыздың жалпы саны әлі де 18 адамды құрайды.

Қалада электр энергиясы мен телефон жүйелерінің үзілуіне орай олармен байланыс орнату мүмкін емес. Қазіргі уақытта Катовице қаласында және Украина-Польша шекарасын кесіп өту кезегінде азаматтарымыз жоқ. Харьков қаласындағы эвакуациялық жинау орнында 3 отандасымыз бар. Сумы қаласында 1 азамат бар, онымен тұрақты байланыс орнатылған.

Бүгінгі таңда қазақстандық дипломаттар Қазақстанның 822 азаматына Украинадан шығуға қолғабыс көрсетті. Оның ішінде 726 адам Польшаға, қалғандары Молдова, Румыния, Венгрия мен Словакияға шығып кетті.

57 қазақстандық ауыр жүк көлігінің 51-і Украина аумағынан шықты. Қалған 6 автокөліктің жүргізушілеріне жан-жақты көмек көрсетілуде.