Ақтауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті ойын алаңы ашылды

Ақтауда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті ойын алаңы ашылды

Ол 15-шағын аудандағы теңіз жағалауында орналасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алаңда 42 түрлі құрал-жабдық бар. Ойын кешендеріне қоларбамен шығуға болады. Әткеншектер мен құм төселген алаңдар қауіпсіз және арнайы тактильді панельдер орнатылған. Қазір қалада 140-тан астам мүгедек бала бар. Алаңды еріктілер өз қаражатына жабдықтады. Қажетті заттарды Алматыдан сатып алып келді. Жобаға шамамен 7 млн теңге  жұмсалған.

Исатай Аблаев, ерікті:

- Біз 15 адамнан тұратын ынталы топ Наурыз мерекесіне орай осындай ойын алаңын қаламызда ашуды жоспарладық. Жұмсалған қаражат мейірімді қала тұрғындарынан жиналды. Атсалысқан жандарға алғыс айтамыз.

Ләззат Қалиева, қала тұрғыны:

- Өзім ерекше баланың анасымын. Сондықтан қазір қоғамда ерекше жандарға көп көңіл бөлінбей жатады. Біз жылы лебіздерімізді білдіргіміз келді. Осындай таза ауада, теңіз жағасында дене шынықтырумен, денсаулықтарын нығайтумен айналыссын.