Жамбыл облысында иттер малға шауып жатыр

Жамбыл облысында иттер малға шауып жатыр. Пригородный ауылының тұрғындары тіпті қорадағы төрт түлікті жарып, қозы-лақты тартып кеткенін айтады. Енді ауыл азаматтары мектепте оқитын балаларына алаңдап отыр.

- Мына қозыларды да мінеки алып шығып ойнаған ғой. Әшейін өлтірген болды. Жемеген қозыларды... 

Ауыл иттері Сәуле Тәжметованың қорасына осымен екінші рет түсіп отыр. Алғашында 10 қойын жарып кеткенде ауыл тұрғыны не ит, не түз тағысы тартып кеткенін түсінбей қалған. Араға екі апта салып, жағдай қайталанды. Бұл жолы екі бас қой мен бес бас қозыны жарып кетіпті. Ауыл тұрғыны жарты миллионнан астам теңгеге шығын келді деп отыр. 

Сәуле Тәжіметова, Пригородный ауылының тұрғыны:

- Біреуінің мойнын жеп қойған кәдімгі қасқыр ұқсап. Екіншісін өлтіріп қозыларды далаға алып шыққан ғой. Мысық ұқсап сеновалдан түсіп бері қарата кірген ғой. Сөйтіп, міне мына қойларды бауыздап жеген. Мына жолы кірген мезетте артынша қуып ұстадым ғой. Үйіне кірді егесіне үйіне барсақ ешкім жоқ. Кішкентай қыз шықты. Біздің ит деп мойындап отыр..

Мұндай жағдай ауылда жиілеп барады. Жұрт күндіз-түні қорасын аңдып берекесі қашып отыр. Қаңғырған иттер жыл басынан бері бірнеше қораға түсіп 30 шақты бас қой-ешкіні тамақтап, тауықтарды қырып кеткен.

Гүлнәр Оразова, Пригородный ауылының тұрғыны:

- Байлап отырған екі малым бар еді семіз. Міне соям деп отырған кезде бір түнде келіп өлтіріп кетті. Менен кейінгі үйде жағдайы төмен үйде 63 мыңға үш ешкі алып келді. Сауып ішейік деп буаз. Соның үшеуін де өлтіріп кетті.

- Қашан болды ол?

- Февральдің 22-сі күні. Ешқандай шара қолданып жатқан жоқсыздар ғой. Айтасыздар да қоясыздар. 

- Енді кім төлеп береді малымызды? Соны айтыңыздаршы... 

Ауыл тұрғындары түндегі жағдайдан кейін әкімдікке шағымданып, полицияға арыз түсірген. Алайда шығынды кім өтейтіні белгісіз. Мән-жайды біліп, шағым бойынша қандай шара қолданылып не жұмыс жасалып жатқанын анықтау үшін №15 учаскелік полиция пунктіне бардық. Бірақ учаскелік инспекторлар жұмыс орнында жоқ.

Қоңырау шалып та ала алмадық. Қатар тұрған ауылдық округ әкімдігіне кіріп мән-жайды сұрадық.

- Саламатсыздар ма! Ауыл әкімі осында ма екен?

- Ол Асаға кетті.

- Орынбасарларынан кім бар екен?

- Сіз ба?

Гүлшат Инкашева, Қарайой ауылдық округі әкімінің орынбасары:

- Итті таныса кімнің иті екенін. Онда ол учасковыйға беріп әрі қарай учасковыйлар жұмыс жасау керек қой. Тауып тұр енді. Учасковыйды шақырды. Әрі қарай осы кісілер неғылады ғой. Иттің егесіне штрафы бар салатын. Шығынды кім өтеп беруі тиіс? Иттің егесі өтеп беруі керек қой...  

Жарқынбек Амангелдіұлы, Жамбыл аудандық ветеринариялық инспекция басшысының міндетін атқарушы:

- Мынаны қазір біз яма Беккериге апарып тастаймыз. Екінші дезинфекциялық машинаны жібереміз. Мына жердің дезинфекциясын жасап береміз. Әрі қарай итті тапқан жағдайда біз итті аулап ұстап жойып бере аламыз. Тауып беріңіздер. Енді басқаша біздің қолымыздан келері жоқ. Кімнің иті екенін оның шекесінде, мойнында болмаған соң анықтай алмаймыз. Оны атуға, ұстап алуға... Ондай заң жоқ. Күш жоқ. Қаңғырып жүрген иттерді не істейсіздер сонда? Әкімшілік шешеді оны. Ауылдың әкімшілігі шешеді.  

Жалпы облыс бойынша қаңғыбас иттер мәселесі жыл өткен сайын күрделеніп барады. Қазірдің өзінде қоғамда итке қатысты пікір екіге бөлінген. Бірі қорғау керек десе ендігі тарап қаңғыбас иттерден қауіптенеді. Көше кезген иттерді мамандар атса атты дейді. Атпаса көбейіп барады. Қалай болғанда да проблема ашық күйінде қалып отыр. Бір ғана Жамбыл ауданының өзінде бүгінде 7 мың бас ит тіркелген. 

Жарқынбек Амангелдіұлы, Жамбыл аудандық ветеринариялық инспекция басшысының міндетін атқарушы:

- Жеті мың иттің орта есеппен алған кезде екі мыңы ұрғашы болсын. 5 мыңы еркек ұстасын. Екі мың ұрғашыдан есептеңіздерші бір жылда қаншаға көбейеді. Бұл ит дегеніңіз в среднем екі рет бір жылда балапандайды. Әрқайсысы бестен неғылған кезде получается біздің ауданымыздың иті бір жылда 20 мыңға көбейеді. Ағаның айтқаны рас бродячи ит көп. Ал енді оны 20 итті аулап, ұстап жою үшін бізде біріншіден соған талап берілетін қолымызда заң болу керек.  

Жұрт мектепке баратын балаларына алаңдайды. Малға шапқан иттер адамға тап бермесіне кім кепіл? Жалпы Жамбыл ауданында ит-мысықты аулауға, жоюға, кастрация жасауға биыл 1,9 миллион теңге бөлінген. Жыл басынан бері оның 300 мыңы иегіріліп, 170 иттің көзі жойылған. 

Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә