Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді

Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтарына гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізуге арнайы рейс ұйымдастырды.

17 жарым тонна жүктің ішінде азық-түлік, төсекорын сынды қажетті заттар бар. Бұған дейін де Қазақстан препараттар түріндегі гуманитарлық көмек жіберген еді.

Атап өтейік, мұның бәрі Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Ал жүк жеткізген ұшақ қайтар жолда Украинадан Польшаға келген еліміздің бірнеше азаматын алып қайтады.