Сырдарияға келген мол су Аралға бұйыра ма

Қызылорда өңірінде Қамбаш және Ақшатау көлдер жүйесі қайта қалпына келді. Енді Ақлақ су тоспасы арқылы реттелетін 9 көлдің жүйесін суландыру көзделген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін тиісті шаралар қолға алынды. Бүгінде Сырдария өзеніне де мол су келе бастаған екен. Алайда ол судан Аралға тамшы бұйыра ма? «САРАТС-1» жобасы іске асқаннан кейін теңіз деңгейін 42 мтерге дейін көтеруге мүмкіндік туды. Алайда өткен жылы Сырдария өзені арқылы Көк Аралға тиісті көлемдегі су келген жоқ. Соған байланысты қазір теңіз деңгейі 80 сантиметрге төмен. Дегенмен өзен бастауындағы қар мен мұз күрт еріп, жауан-шашынның көбеюіне байланысты соңғы күндері Қызылорда облысы аумағына мол су келе бастаған.  

Сейілбек Нұрымбетов, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының басшысы:

– 15 сәуірге дейін осы су облыс көлемінен ағып өтіп, солтүстік Арал теңізіне береді деп отырмыз. Оның өзі осындай жауын-шашынның, өзендегі судың есебінен вегетация, егін басталғанға дейін солтүстік Арал теңізіне белгілі бір мөлшерде су көлемі берілетін болады.

Өткен жылы Арал ауданындағы Бұрмақұлақ бөгетін бекіткеннен кейін, Қамбаш және Ақшатау көлдер жүйесі бұрынғы қалпына келді. Бірер күн бұрын Ақалақ су тоспасы да жабылып, Қаратерең елді мекені маңындағы көлдерді де суландыру жоспарланып отыр екен.

Айдос Асанбаев, «Қазсушар» РМК қызылорда филиалының бөлім басшысы

– Бүгінгі күнге судың деңгейі 51,45 отметкасын құрап отыр. Біздің жоспар бойынша 53-ке жеткізсек сол отметканы, қазір су торабының алдына су жинақтап жатыр қазір. Соны 53-ке жеткізсек, судың абсалюттік деңгейін, соның алдында орналасқан 8 канал бар, сол 8 канал арқылы ірілі-ұсақты 9 көлдер жүйесіне су беріледі.

Бұрмақұлақты бөгеп, Аспай су ағытқысын іске қосқаннан кейін Қамбаш және Ақашатау көлдер жүесіне 750 млн текше метрдей су құйылған. Ал қазіргі уақытта Қызылорда облысы аумағынан 900 текше метрдей су өте бастаған. Егін науқаны басталғанға дейін өңірдегі су арналарын толтырып, шабындықтарды нәрлендіруге бұлда болса, үлкен септігін тигізеді, – дейді мамандар.

Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов, Айтмұхаммед Байділдаев