Жерасты суын тиімді жаратудың жолы қайсы?

Трансшекаралық өзендерге ғана қол жайып қарап отыру елімізді экономикалық дағдарысқа ұрындыруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандағы су қоры жан-жақты зерттелген. Елде тереңдегі артезиан сулары және орташа тереңдіктегі жерасты сулары жақсы дамыған. Алайда олар толық игерілмей отыр. Күн тәртібіне Zoom арқылы байланысқа шыққан геология-минерология ғылымының докторы, профессор Мұрат Мұхамеджанов осы мәселелерді тереңірек айтып берді.