Павлодарда көтерме сауда өкілдері қарақұмық бағасын асыра көтерген

Павлодарда көтерме сауда өкілдері қарақұмық бағасын асыра көтерген

Екі ірі кәсіпорынның бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзғаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта кәсіпкерлерге тиісті ескерту жасалып, 30 күн уақыт берілді. Аймақтағы жұмыртқа өндірушілер де өнім бағасын бірнеше ай бұрын негізсіз көтеріп жіберген. Тексеріс барысында жұмыртқаның өзіндік құны 15 процентке, ал көтерме саудадағы бағасы 40 процентке өскен. Салалық ведомство мұны растап, шешім қабылдаса, фабрикаларға айыппұл төлеуге тура келеді.

Бейбіт Молдабеков, ҚР бәсекелестікті дамыту және қорғау агенттігі облыс бойынша департаментінің жетекшісі:

- Құс фабрикаларының біріне 3 млн теңге, екіншісіне 19 млн теңге айыппұл салынуы мүмкін. Десе де, кәсіпорындар біз жүргізген тексерістің шешімімен келіспей отыр. Сондықтан нәтижелерімізді комиссияға жолдадық. Тексеріс нәтижесін агенттік өкілдері алдағы апта ішінде қарап аяқтауы тиіс.