Қаңтар оқиғасы: ұсталғандарды азаптау күдігімен 9 қызметкер қамауға алынды

Елде құқық қорғау органдарының тоғыз қызметкері қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды азаптады деген күдікпен тергеліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев мәлімдеді. Енді мұндай істерді анықтауды жеделдету үшін заңға өзгеріс енгізіледі. Қазір бұл іспен Бас прокуратура айналысып жатыр. Алдағы уақытта Құқық қорғау органдары мен түзеу мекемелерінде жаппай бейнебақылау камераларын орнату қолға алынады. Бұл мақсатқа 3,5 миллиард-тан астам қаражат бөлінген.

Ерлік Кененбаев, ҚР бас прокурорының орынбасары:

- 280 қылмыстық іс қозғалды. Арнайы органдар мен полицияның 9 адамы қамауда. Объективтілік үшін бұл істер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен арнайы прокурорлардың өндірісінде.