СҚО-да тұратын ауыл халқының 20% сапасыз су ішіп отыр

СҚО-да тұратын ауыл халқының 20% сапасыз су ішіп отыр

Бұл туралы санитариялық-эпедимиологиялық бақылау департаменті қызметкерлері хабарлады.

Олардың айтуынша, аталған елді мекен тұрғындары құдықтың суын тұтынады. Бірнеше ауданда сынама алынды. Нәтиже бактериологиялық талаптарға сай болмай шықты. Енді судың сапасы көктемгі тасқыннан бұзылуы мүмкін дейді мамандар. Өйткені еріген қар суында түрлі зиянды заттар бар.

Гүлнәр Жақсылықова, облыстық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы:

- Егер елді мекенді қар суы басса, тұрғындарға қайнатылған суды ғана ішуге кеңес береміз. Немесе дүкеннен сатып алған жөн. Өйткені қар суының құрамында ағзаға зиянды заттар болуы мүмкін.