Қасиетті Рамазан айы басталады

Қасиетті Рамазан айы басталады

Ауыз бекіту сәуірдің екісінде басталып, мамырдың біріне дейін жалғасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұсылман қауым тура отыз күн ораза ұстайды. Қадір түні сәуірдің 27-сінен 28-не қараған түні.

Сонымен қатар биыл бір адамға берілетін пітір садақа 500 теңге болып бекітілді. Оның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.