Жылу электр орталықтарының мұржалары тексеріледі – Қарағанды облысы

Жылу электр орталықтарының мұржалары тексеріледі – Қарағанды облысы

Петропавлда болған апаттан кейін орталық басшыларына осындай міндет жүктеліп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарағанды облысында барлығы 9 жылу энергия орталығы бар. Олардың басым бөлігі жарты ғасырдан артық уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Сондай-ақ келесі жылыту маусымын қалыпты өткізу үшін жөндеу жұмыстарына 22 миллиард теңге бөлінеді. Сегіз станцияда 17 қазандық пен 9 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған.

Вадим Басин, облыс әкімінің орынбасары:

– Мысалы, 100 метрлік мұржаны толық тексеріп шығуға 2 апта уақыт кетеді. Онда мұржаның бір бөлігін ойып алып, техникалық жағдайын толық тексеруге болады. Сараптамаға жіберіліп, қосымша бақылау жүргеннен кейін барып, техникалық қортынды беріледі. Жалпы алғанда 1 ай мерзім кетеді.