Баянауыл өңіріне жыл құстары келіп жатыр – Павлодар облысы

Павлодар облысының Баянауыл ауданына аққулар мен сарыала қаздар ұшып келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңалықты қалт жібермейтін ауыл тұрғындары жыл құстарының суреттерін әлеуметтік желілерге жүктеп жатыр. Бұған дейін мұзы ерімеген көлдің бетінде жатқан аққулардың суреті пайда болған еді. Бүгін сарыала қаздардың бейнежазбасы тарады. Жалпы Баянауыл өңірінде аққу, қаз, үйрек, шіл, бүркіт сынды 50-ден аса құс түрі мекендейді. Қызыл кітапқа енген сұңқылдақ аққу да айдын-көлдің көркіне айналған.