Сібір жарасы: Ақмола облысында науқаспен байланыста болған 20 адам анықталды

Сібір жарасы: Ақмола облысында науқаспен байланыста болған 20 адам анықталды

Ақмола облысында Сібір жарасының ошағында болған 20 адам анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар ауру жұқтырған науқаспен бір подъезде тұратын үй тұрғындары. Қазір бәрі бірдей дәрігерлік бақылауға алынған. Ал Сібір жарасына шалдыққан  сырқаттың жағдайы орташа ауыр деңгейде. Диагноз зертханалық сараптамадан кейін нақтыланған. Естеріңізге сала кетсек, ауру жұқтыру оқиғасы Ақмола облысында екі күн бұрын анықталды. Қауіпті дерт Түркістан облысынан келген 26 жастағы азаматтан табылған. Ер адам Көкшетауда шұғыл түрде пойыздан түсіріліп, жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ал Сібір жарасы бұл өңірде соңғы рет 2019 жылы тіркелген екен.