Алма импортын шектеу керек – қазақстандық алма өсірушілер

Алма импортын шектеу керек – қазақстандық алма өсірушілер

Алма өсірушілер импортқа уақытша тыйым салуды сұрайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені шаруалардың көбі өзі баптап өсірген алмасын өткізе алмай отыр. Сонда дастарханымызда қай елдің өнімі? Оның сапасы қандай?

Әзірге елге шетелдік алманы әкелмеу керек. Қазақстандық алма өсірушілері Үкіметке осындай өтініш айтты. Нарықта отандық жемістен гөрі шетелден келетін арзан алмаға сұраныс көп. Дүкен сөрелерінде Қытай, Қырғызстан, Польша, Иран, өзбекстандық жемістер самсап тұр. Алма өсірушілері одағының төрағасы Болатбек Әлиев алма піскен кезде импортты тоқтату арқылы өнімді сақтау мүмкіндігі жоқ шағын шаруашылықтарды қолдау қажет дейді. Шаруалар өнімін толық сата алмай, салдарынан шығынға батып жатыр. Болатбек Әлиев бағбандардың өндіріс көлемін арттыруға жағдай жасау керек дейді. Біздегі бағбандардың әлеуеті зор. Елде жыл сайын 10 мың тоннадай алма өсіріледі. Тиісті қолдау көрсетілсе, оны екі есе арттыруға болады. Бұлай ішкі нарықты қамтып қоймай, жергілікті алманы экспорттауға да мүмкіндік туатын еді дейді мамандар.

Болатбек Әлиев, Алма өсірушілер одағының өкілі:

Мемлекет тарапынан өте көп қолдау көрсетіледі. Несие беру, субсидия беру, жер беру. Азамат оны қайтара алмай қиналады. Қойған жоспарына жете алмай тұншығып қалып жатыр. Басқа жұрттар айтуы мүмкін сырттағы өнім арзан болмай ма деп.

Ауыл шаруашылығы министрлігі көкөністерді сақтау орындарын көбейтуге көмектесуге ниетті. Биылдың өзінде елде 16-сы салынады. Ол үшін субсидия көлемі екі есе артады. Арнайы жұмыс тобы саладағы мәселелерді түгел зерттемек.

РЕСЕЙГЕ ҚАРСЫ САНКЦИЯЛАР МҰНАЙ НАРЫҒЫНА КЕСІРІН ТИГІЗЕДІ

ОПЕК ұйымының бас хатшысы Мохаммед Баркиндо Ресейге қарсы санкциялар нәтижесінде нарық тәулігіне 7 млн баррельге дейін қара алтынын жоғалту ықтималдығын айтты. Өкінішке қарай, мұндай шығынды қалпына келтіру мүмкін емес. Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, осы ресейлік мұнай транзитін 2017-2023 жылдар аралығында Қытайға жылына 10 млн тоннаға дейін арттыру келісілген. Енді тараптар бұл келісімді 2033 жылға дейін ұзартуға ниет білдірді. Былтыр транзит арқылы Қытайға 9,979 млн тонна мұнай аттандырылды. Ал кешегі сауда-саттықта әлемдегі мұнай 5 %-ке арзандады. Сөйтіп қара алтын баррелі 98,32 долларға түсті. Бұған Қытайдағы локдаунның күшею қаупі мен Ресей мұнайына сұрау салып отырған Үндістанға АҚШ-тың тіс қайрауы әсер еткен.