Шымкент тұрғындарын қала үстінде төмен ұшқан ұшақтар шошытты

Шымкент тұрғындарын қала үстінде төмен ұшқан ұшақтар шошытты
Википедия

Шымкент тұрғындарын қаланы айналып, өте төмен ұшқан әскери ұшақтар шошытты, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі алаңдауға негіз жоқ деп хабарлады. Су-25 ұшағының Шымкент үстінде ұшуы «Батыл Тойтарыс-2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуымен байланысты.

«Оқу ұшулары ұшу дағдыларын арттыруға және экипаждарды дайындауға бағытталған. Ұшулар бөлімшелердің құрамында әртүрлі биіктікте, күндізгі және түнгі уақытта орындалады», – делінген министрлік хабарламасында.

Еске салайық, «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуы 16 сәуірге дейін жалғасады. Сондықтан осы күнге дейін жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындау үшін ұшақтар  ұшатын болады.