Қазақстандық теміржолдарда транзиттік контейнер тасымалы артқан

Қазақстандық теміржолдарда транзиттік контейнер тасымалы артқан

Теміржолдағы жылжымалы құрам операторының өкілі Олжас Арықбаевтың айтуынша, қазір Қытай-Еуропа-Қытай бағытында тасымалдың бұл түрі бәсеңдеп қалды. Оған әлемдегі саяси жағдай әсер етті. Енді Қытай Еуропаға жүк тасымалын құрлық арқылы емес, теңіз жолы арқылы жүзеге асыруы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл біздің экономикаға қалай әсер етеді? Теміржолдағы жылжымалы құрам операторының даму жөніндегі басқарушы директоры Олжас Арықбаев Қазақстанды Ресейдің транзиттік хабы деді. Десе де еліміз санкция аумағын айналып өтудің амалын қарастырып жатыр. Оның бірі транскаспий халықаралық көлік бағыты. Бірақ бұл қымбатқа түседі. Қазақстан, Әзербайжан, Грузия балама ретінде жүк тасымалы операторы бола алатын ортақ әрі оңтайлы кәсіпорынды құру ұсынысын көтерді. Олжас Арықбаев мемлекет алдында қойма логистикасын дамыту мәселесі тұрғанын жеткізді. Бұл арқылы ЕАЭО аумағында тауарларды Қазақстанға әкеліп, кейін басқаларға таратуға болады. Бірақ Ресейдің санкцияға санкциямен жауап беруі мұны қиындатып қояды. Айтпақшы, қазақ-қытай шекарасында кептеліп қалған 10 мың контейнердің қалғаны елге жеткізілді. Бірақ оның бәріне «Қазақстан темір жолы» ұйытқы болды дей алмаймыз. Логистикалық компания өкілі Оксана Сорокинаның айтуынша, тауар тасымалдауға жөнелтілген 45 контейнерді олар өз күшімен қайтарған. Тарифтің көтерілуі, шекарадағы түйткіл, өзге де шығындардың бәрін қосқанда кәсіпкер былтыр 12 млн теңге жоғалтты. Елдегі логистикалық компаниялар әлі де түгел есін жиған жоқ. Олар жылжымалы құрамның жоқтығын алға тартты. Бұл мәселе сын сәтте тағы да тығырыққа тірей ме деп қорқыныш бар. Қазір қос мемлекет арасындағы тауар ағыны бәсеңдеп қалды. Әзірге еркін қатынауға кедергі жоқ. Өйткені Еуропалық компаниялар Жібек жолын кесіп өтуден бас тартып жатыр.

Оксана Сорокина, логистикалық компания өкілі:

Ресей мен Украина соғысып жатыр. Мұның бәрі бізге әсерін тигізеді. Еуропа Беларусь, Ресей тасымалдаушыларына қарсы санкция енгізді. Ресей де солай жауап беруі мүмкін. Енді жүк тасымалдаушылардың көбі Түркия, Грузия, Каспий арқылы жүретін болады. Ал Ақпау порты бұған дайын ба? Арқаны кеңге салуға болмайды. Аузы күйген үрлеп ішеді демекші, қазірден әрекет ете бастау керек.

2025 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТРАНЗИТТІК ТАСЫМАЛ 30 МЛН ТОННАҒА ЖЕТЕДІ

Үкіметтің жоспары орасан. Еліміз 2025 жылға дейін транзиттік тасымалды 30 млн тоннаға дейін жеткізбек. Бұл үшін теміржол инфрақұрылымын салу, жылжымалы құрамды жаңарту, жүктерді контейнерлендіру, балама бағыттар мен халықаралық дәліздерді дамыту бойынша шаралар қабылданып жатыр. Ол тегін емес.

Қазір транзиттік жүктердің 90%-ке жуығы, яғни 21 млн тонна жүк осы теміржол арқылы тасымалданады. Биыл мұндай тасымалдар үлесі 24,5 млн тоннаға жеткізіледі. Теміржол арқылы тасымал 420 млн контейнерлер транзиті де еселеп артады. Қазірдің өзінде көрсеткіш айтарлықтай.

ТРАНЗИТТІК ЖҮКТЕРДІҢ 90% ТЕМІРЖОЛ АРҚЫЛЫ ТАСЫМАЛДАНАДЫ

Транзиттік тасымал – 24,5 млн тонна

Теміржолмен жүк тасымалы – 420 млн тонна

Контейнерлер транзиті – 1 100 мың жиырма фут

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

Жүкті контейнер арқылы тасымалдаймыз. Ол ешқандай шектеусіз өтіп жатыр. Автомашина көлікпен таситын груздарға тексеру жұмыстары санэпидситуацияға байланысты кішкене ұзақ жүреді. Ал бүгінгі күні сондай шектеу бар деп айтуға болмайды. Біздке келісімшартқа отырып, КТЖ экспресс деген мекеме сонымен айналысып жатыр. Осы тақауда көп мәселелерді шешіп тастаймыз.

Қанат Әлмағамбетов, ҚТЖ төрағасының орынбасары:

Еуропа арқылы Ресейге азайтып жатыр, басқа жақ Қытай ғана бар. Мен ойлаймын сол 15-14 пойыздан артық біз де өткізе алмаймыз, Қытай да ала алмайды. Олардың инфрақұрылымы дайын емес. Біздің жақтан теміржол салынды, енді Достық көшесі бойында екінші жол саламыз деп жатыр. Соны бітіргесін сол жүктердің бәрін апаруға дайын боламыз.

ЕЛДЕГІ IT МАМАНДАРЫ БАСҚА САЛАДА ЕҢБЕК ЕТЕДІ

Елдегі IT мамандардың тең жартысы аталған салада жұмыс істемейді. Жұмыс істейтіндерінің дені мемлекеттік тапсырысқа сеніп алған. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай дейді. Сондықтан шетелдік IT мамандарын тарту маңызды. Ал Елордадағы халықаралық технопарк олардың дамуына мүмкіндік берер бірден бір алаң болмақ. Қазір онда 600 отандық IT компания тіркелген. Салықтық жеңілдіктер қазақстандық кәсіпкерлерге ғана емес, халықаралық мамандарға да көрсетіледі. Сондықтан елге көшіп келе жатқандары көп. Министрдің айтуынша, олардың өнімдері әлемдік қолданыста болады. Мұндай компанияда жұмыс істейтін азаматтар долларлық жалақы алады. Бұл да ел экономикасына пайдалы. Жыл басынан бері шетелдік капиталы бар. IT компания еліміздегі халықаралық технопаркке мүше болды. Олар Украина, Беларусь, Ресей, Қытай және Кипрдан келген. Сөйтіп мұндай компаниялардың саны 70-ден асты.