Түркістан облысындағы балықшы әйел елді тәнті етті

Қолына қармақ ұстап, айдында қайықпен жүзген әйелді көргеніңіз бар ма? Бұндай көріністі күнде көрме бермейтініңіз анық. Ал Ельмира Төлеева үшін көл бетінде балық аулау таңсық емес. Ол қазір тәжірибелі балықшы. Балық аулайтын жерді қалай таңдауды, оған қандай жем беру керек екенін жақсы біледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ельмира Төлеева, Жетісай ауданының тұрғыны:

Менің ауырып қалатын жағдайым болады мысалы. Болмаса жолдасымның денсаулығы болмай қалуы мүмкін. Сол кезде жолдасым істеу керек деп жатып алмаймын ғой. Еркектің де жұмысын істеп кетемін мысалға. Мен ауырып қалсам жолдасым істеп кетеді. Бұл ауызбіршіліктің белгісі деп ойлаймын. Мысалы Гортватый деген балықтың арқасы дөңес келеді. Карас басқа болады. Қай балықтан шашлық, қай балықтан бұқтырма жасауға болады. Қалай жасаса дәнді болады. Осының бәрін жоласымнан үйрендім.

Ельмира балық аулауға тынығу немесе бойжазып қайту үшін бармайды. Ол аулаған балығынан дәмді ас дайындайды. Оны түскі астың уақытында түрлі мекемелерде жұмыс істейтін адамдар  сатып алып кетеді. Әріптестері Ельмираға мықты маман, тәжірибелі мұғалім деп қана қабылдамайды, оны жақсы аспаз ретінде де бағалайды. Ерекше хоббиына қызығушылық, әрі құрметпен қарайды. 

Балғын Жамалова, мектеп директорының орынбасары:

Қазақ келіндеріне үлгі болатындай келін деп есептеймін. Жан-жақты, үлгілі ұстаз, ибалыкелін, өнерлі. Біздің әрбір іс-шарамыз осы Ельмирасыз өтпейді. Ұжымға сыйлы. Балықшы келіншек болып танылып жатыр қазір әлеуметтік желілерде.

Жетісайлық арулар барлық істің көзін таба біледі. Олар мынау ер азаматтың, мынау әйелдің жұмысы деп бөлмейді. Қолынын келсе істей береді, кәсіп таңдамайды. Біз бұған дейін трактор тізгіндеп, далада жер жыртып жүрген 19 жастағы бойжеткен Арайлым Құршанбек туралы да бейне сюжет дайындаған болатынбыз.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш