Қайрат Құдайбергенді бір айға қамау туралы сот шешім шығарды

Кәсіпкер Қайрат Құдайберген бір айға қамауда болады. Тергеу сотының шешімі осылай. 

Қайрат Құдайбергеннің қаңтар қырғынына қатысы бар-жоғы анықталғанша оны 30 тәулікке қамауға алуға санкция берілді. Алматы қаласы мәслихатының депутатына тағылған айып мынау: ол бүлікшілерді «Қазақстан» қонақ үйіне адам жинаған.. Арман Жұмагелдиевтің айналасына топтасып, оны қолдауға шақырған. Сонымен қатар жаппай бүлік ұйымдастырды деген айыппен де тергеліп жатыр.