Каспий құбыр консорциумындағы жұмыс жанданды

Кеше теңіз терминалындағы жөндеуден кейін үшінші кемежай құрылғысы іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауа-райы қолайлы болып, сүңгуірлер тиісті жұмыстарды жүргізіп, су асты құбырын ашуға мүмкіндік туған. Бұл мұнайды қайта тиеуге болады деген сөз. Сонымен қатар Каспий құбыр консорциумы Delta Commander танкерінің қазіргі уақытта аталған кемежай құрылғысына тиеліп жатқанын хабарлады. Ал, екінші кемежай уақытша тоқтаған. Біріншісі қалыпты жұмыс істеп тұр.