Ата заңдағы түзетулер еліміздің саяси жүйесін демократияландыруға үлес қосады

Туған-туысты жұмысқа орналастырып, ағайынның шашпауын көтеру Қазақстанда белең алған. Тіпті, бұл әдепкі жағдайға айналып отыр. Ал азаматтық қоғамға бет бұрғысы келетін елдің ең алдымен күресетіні, осы - трайбализм болуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Заң ғылымының докторы Индира Әубәкірованың пікірі – осы. Осы ретте Президент туысқандарына мемлекеттік қызметке тұрып, саяси лауазымға ие болуына тыйым салу барлық құрылымдар үшін үлгі болуы тиіс. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізген  жұмыс тобының мүшелерінің де айтпағы осы. 

Индира Әубәкірова, заң ғылымдарының докторы:

Тағайындауларға ықпал ететін осы бір фактордан арылу үшін бірнеше кезеңнен өту керек сияқты. Яғни, президент бұл тұрғыда заңға қайшы келетін, отбасылық байланыстардан арылу мақсатында саяси бейтараптыққа сүйену керегін меңзеді.