Үкімет жанындағы комиссия саны қысқартылды

Үкіметте мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысының тиісті Жарлығын орындау үшін 30-дан астам іс-шарадан тұратын Іс-қимыл жоспары жүзеге асырылып жатыр. Мәселен бүгінгі таңда Үкімет қаулысымен комиссиялар саны 70-тен 25-ке дейін қысқартылды. Осындай жұмыстар министрліктерде де жүзеге асады. Құжаттарды қарау мерзімін екі есе қысқартатын, сондай-ақ норма шығару процесін қайта құратын Үкіметтің жаңа регламенті әзіленіп жатыр. Сондай-ақ «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінің базасында мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін арттыру және бюрократиядан арылту жөніндегі ұсыныстарды жинайтын онлайн-ресурс құрылады.