«Кәсіптік біліктілік туралы заң» жобасы шықты

«Кәсіптік біліктілік туралы»  заң жобасы әзірленді.  Құжатты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған. Заң жобасы қабылданса, хоббиін жұмысқа айналдырып, өз бетінше кәсіп игерген азаматтардың біліктілігін ресми түрде тануға мүмкіндік болады. Ведомство кәсіби біліктілікті танудың бірыңғай тәртібін белгілеуді ұсынған. Бұдан бөлек, Ұлттық біліктілік жүйесінің үш деңгейлі моделін бекіту де көзделіп отыр.

Бұл мемлекеттік органдар жанындағы мекемелердің міндеттерін айқындайды. Заң жобасында ваучерлік жүйені іске асыру қарастыралған. Жұмыс іздеп жүрген адамдарға тегін ваучерлер беру жаңа кәсіптерді игеруге қосымша уәждеме болып табылады делінген хабарламада.