Қазақстан мен Еуропа арасында жаңа әуе рейстері ашылуы мүмкін

Қазақстан мен Еуропа арасында жаңа әуе рейстері ашылуы мүмкін
ҚазАқпарат

Брюссельде Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы әуе рейстерін ұлғайту және ашу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азаматтық авиация саласындағы Еурокомиссиямен ынтымақтастық жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Азат Бектұров «Қазақстанның авиация әкімшілігі» АҚ бас директоры Каталин Раду, Бельгиядағы Қазақстан елшілігінің қызметкерлері бастаған қазақстандық делегация өкілдері көлік мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссия комиссары кабинетінің басшысы В.Гетцпен кездесті. Кездесу барысында тараптар ұшу қауіпсіздігі, Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы әуе рейстерін ұлғайту және ашу сынды мәселелерді талқылады. Сонымен қатар басқосуда Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы әуе қатынасы туралы «деңгейлес келісім» нормаларын енгізу де назарға алынды. Екіжақты тиімді әріптестікке негізделген кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты одан әрмен дамыту жұмысын жалғастыруға уағдаласты.