Атырауда ауыл тұрғындары жарықсыз ашынып отыр

Жаңаталап ауылында 11 мыңнан астам тұрғын бар. Оларды жел тұрса сөніп қалатын жарық талай жылдан бері әбден әбігерге салған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мәселені айтып тұрғындардың бармаған жері, қақпаған есігі қалмапты . Жауаптылар уәдені үйіп-төккенімен, еш нәтиже жоқ, - дейді тұрғындар.

Елеуғали Лұқпанов, Жаңаталап ауылының тұрғыны:

Бізде тоқ сөнді ме, хабарласамыз. Атырау-Жарық та, 109 да, 112 де, біреуі де жауап бермейді. Жоқ. Қайда? Қаңтарда 7 күн свет болған жоқ. 24-көшеде. Қайда? Талғайраңда жүр,- дейді. Оларда бірнеше бригада бар ғой. Келу керк қой. Бір көрмейміз, қарап тазалап жатқанын.

Тұрғындармен кездесуге келген Атырау ауылдық округінің әкімі жарықтың жиі сөнуі ауа-райының қолайсыздығынан,- дейді.

Нұрлан Қалмұрзин, Атырау ауылдық округінің әкімі:

Күн қолайсыз болған жағдайда, қатты жел болғанда және қар жауғанда, тағы басқа қолайсыз ауа-райына байланысты өшеді. Ол тек қана Жаңаталап ауылында емес. Ол Құрманзғазы ауылында да өшеді, қалада да өшеді. Болады. Себебі мына желілер қатты жел болғанда үзіледі кейбір жерлері.

Жаз келса Жаңаталап ауылының тұрғындары тіршілік нәрінен таршылық көреді. Өйткені судың қысымы төмендеп, кей уақытта жүрмей қалады екен. Жауаптылар бұл олқылықты су жүйесінің ескілігінен көріп отыр. Оған қоса көше жарығының жоқтығы да тұрғындарды титықтатып біткен.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше биыл Атырау ауылдық ауылдық округіне 36 миллион теңге бөлінген. Бірақ бұл сома сұранысқа қарай жыл соңынай дейін өседі. Ал тұрғындарға басу айтуға келген округ әкімі қаражат тапшы деп ақталды.

Нұрлан Қалмұрзин, Атырау ауылдық округінің әкімі:

Көше жарығы неге болмасқа, неге балалар ойын алаңы болмасқа. Мен де соны тілеймін. Бірақ бәрі қаржы мәселесіне тіреліп тұр ғой. Егер қаржы болса... Біздің округіміз өзін-өзі қамтымайтын округ қаржы мәселесі бойынша. Біздер қалалық әкімшіліктен сұраймыз қаржыны. Ол берсе. Қазіргі уақытта бермей жатыр қаржыны.

Жаңаталап ауылында салынып жатқан мектеп-интернаттың құрылысы 2020 жылы бітуі керек еді. Бірақ әлі аяқталған жоқ. Жауаптылар бұған пандемия әсер етті, - дейді. Ауыл тұрғындарын қордаланған мәселелердің қашан шешілетіні алаңдатып отыр.

Авторы: Асланбек Шығыр