Тағдырдың жазуымен Сыр бойын 35 этнос пен ұлыс өкілі паналап қалған

Тағдырдың жазуымен Сыр бойын 35 этнос пен ұлыс өкілі паналап қалған

Тағдырдың жазуымен Сыр өңірін 35 этнос пен ұлыс өкілі паналап қалған.

Аймақта 11 этно-мәдени бірлестік бар. Бүгінгі Бірлік мерекесін қызылордалықтар кең ауқымда атап өтіп жатыр. Өнерпаздармен қатар жастар да татулық тойына белсенді атсалысты. Өңірдегі этномәдени орталықтың барлығы дерлік концерт дайындап, бірліктің бекемдігін көрсетті. Ұлттық спорт сайыстары мен түрлі ұлыстың қолөнер көрмесі өтті. Ағаш, темір, саз балшық, былғары, иірілген жіптен жасалған дүниелер көздің жауын алады. Қала тұрғындары көрмедегі ұнаған заттарын сатып алып та жатыр. Ал «Сыр елім» флешмобына 100 студент қатысты. Мерекелік тарту ретінде әуе шары көкке ұшырылды. Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театры жанынан құрылған «Нартай бүлдіршіндері» тобының қойылымы да көпшіліктің көңілінен шықты.

БЛИЦ:

- Барша ұлтқа пана болып, сол халықтың барлығын бауырына басып, бір нанды бөліп жеген қазақ халқы. Сол ауызбіршілігімізден айырмасын.

- Барша Қазақстан халқын бірлік, ынтымақ мерекесімен құттықтаймын. Әр отбасына бақ-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!