Бас қалада субұрқақтар іске қосылды

Бас қалада субұрқақтар іске қосылды
ҚазАқпарат

Бүгін елордада субұрқақтар жұмысын бастады.

Ел астанасындағы 4 аудан аумағында бірнеше субұрқақ іске қосылды. Атап айтқанда, «Ақ орда» субұрқағы, Министрліктер үйі жанындағы «Шаршы және би» мен «Нұржол» бульвардағы «Музыкалық» фонтаны. Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» ғимараты маңындағы «Дөңгелек», «Каскад», «Кит» және «Ғашықтар саябағындағы» «Колесо и подкова» субұрқақтары бар. «Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы маңында жасыл орамда, ислам мәдени орталығы ауданында, «Астаналық цирк» және «Құрманғазы» ескерткіші қасында субұрқақтар жұмыс істеп тұр. Одан бөлек, «Астаналық» саябағында, дипломатиялық қалашығында, «Жетісу» саябағында, Бөкейхан көшесі бойындағы «Еңбекшілер» сквері мен Есіл өзені бойындағы саябақта және «Сарқырама», желілік саябағында, EXPO – 2017, «25 жылдық» саябағында, «Тойқазан» музыкалық сол сияқты Ботаникалық бақтағы субұрқақ елорда жұрты үшін жза бойы қызмет етеді. Айта кетейік, елордадағы субұрқақтардың саны жағынан ең көбі Есіл ауданында орналасқан.