Алматыда «Жеңімпаздар. Батырларға тағзым» акциясы басталды

9 мамырда «Tengrinews.kz» жаңалықтар порталында Ұлы Отан Соғысының ардагерлерін еске алуға арналған «Жеңімпаздар. Батырларға тағзым» атты онлайн акция өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шараға кез-келген адам қатыса алады. Ол үшін соғысқа қатысқан ата-әжелері, отбасындағы батырлар туралы ақпаратты жинап, арнайы 7-70-09-05-19-45 WhatsApp нөміріне жіберу керек. Мәліметті берген кезде ардагердің аты-жөнін, өмірбаянын, әскердегі шенін көрсетуі тиіс. Сегіз жылдан бері акция аясында  мыңнан аса құжат келіп түскен. Оның 3 мыңға жуығы толықтай тексеріліп жарыққа шықты.

«Жоба мақсаты бұрын есімі жарияланбаған, бірақ қан майданның бел ортасында жүрген белгісіз батырлармен жақын таныстыру» - дейді ұйымдастырушылар.

Сұңқар Қарабалин, «tengrinews.kz»  порталының директоры:

– Арнайы номеріміз бар уатсаппен не почтаға жіберуге болады. Жәй қарапайым өзіміздің соғысқа қатысқан, тылда істеген, көрші болсын, атамыз, апамыз болсын әр оқырман, әр көрермен соған жазып өмір баяндарын суреттерін жіберсе. Бүгінгі күнге 3500 анкета толтырдық.