Есқұла су құбырының құрылысы биыл аяқталады

Есқұла су құбырының құрылысы биыл аяқталады

12 жыл бұрын басталған Есқұла топтық су құбырының құрылысы биыл аяқталмақ.

Бұл туралы Үкімет отырысында экология министрі Серікқали Брекешев хабарлады. Тіршілік нәрін халыққа жеткізуде қолбайлау болған жеті сақалды құрылыс аяқталды. Қалған үш жоба да аяғына жеткізілуі тиіс. Бүгінде ауылдарды ауызсумен қамтуда Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары артта келеді. Ал қалаларға су тарту бойынша Жамбыл өңірі көш соңында қалып қойған. Үкімет басшысы жыл соңына дейін ауылдардың 95 процентін, ал шаһарлардың 99 пайызын сумен қамтуды тапсырды. Сонымен бірге Түркістан, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында су көзін іздеу-барлау жұмыстарын бірер жылда аяқтау керек. Бұдан бөлек Әлихан Смайылов суды пайдалану бойынша қызмет көрсететін мекемелерге бірыңғай талап-ережелерді бекітуді жүктеді.