Автонесиелеу бағдарламасы қашан іске қосылады

6 мамырда өндірісті дамыту қорына 100 млрд теңге аударылады. Кейін бұл қаражат жеңілдетілген автонесиелеуге жұмсалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарыз алушылар екінші деңгейлі банктерге жүгінуі керек. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Министр азаматтардың 10 мың көлік сатып алуға мүмкіндігі барын жеткізді. Қазір тараптар қажетті құжаттарға қол қойып жатыр.

Серікқали Брекешев, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

– Қазіргі уақытта «Жасыл даму» АҚ «Оператор РОП» шоттарындағы ақша аудару бойынша корпоративтік рәсімдер жүргізілуде. Аталған рәсімдер аяқталғаннан кейін осы аптаның аяғына дейін, яғни мамырдың аяғына дейін бітіреміз.