Қарағанды облысында жастар арасында «Хакатон» байқауы өтті

IT саласындағы ең үздік жобалар ұсынып жүрген жастар Қарағанды облысында бас қосты. Олар екі күндік байқауда ең озық технологияларды көпшілік назарына ұсынған. 

Жастар Қарағанды индустриялық университетінің алаңында өз жобаларын паш етпек. Қазылар алқасы қатысушылар алдына ақпараттық технологиялар саласында үш міндет қойды. Ол әртүрлі бағдарламалау тілін қолдану, қойылған міндеттердің жобалық шешімдерін жасау және өз жобаларын таныстыруы керек.

Мерген Жұмаділдиев, Қарағанды индустриялық университетінің студенті:

– Бізге берілген  тапсырма студенттерді жатақханаға орналастыру жұмысын веб-платформаға көшіру. Бұл жобаны 2 күнде ғана жасап шгықтық. Әлі де уақыт беріліп, жетілдірсе, ЖОО-да қажетті қосымша болар еді деп ойлаймын.  

Қатысушыларға ірі компания өкілдері күрделі тапсырма берген. Мысалы металлургиялық комбинат өкілдері ақпараттық портал жасау керек десе, банк өкілдері фишингке қарсы күрес, яғни алаяқтардың өзін алдайтын жүйе ойлап табуды тапсырған.

Иван Кунтуш, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ жүйені қолдау секторының басшысы:

- Хакатонның мақсаты студенттерді бағдарламалық жасақтаманы тез және сыни тұрғыдан әзірлеуге, оны көрсетуге және сатуға үйрету болып табылады. Олар шамамен 2 күнде дайын жоба дайындап шығуға міндеттелді. Аз уақытта жақсы жоба ұсынғандар бар.

Александр Щербов, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ІТ жүйелерін қолдау секторының басшысы:

- Өз шеберлігін ерекше көрсеткен кей студенттерді болашақта біздің компанияға қызметке шақырамыз. Біздің мамандар қазылар алқасы құрамында отырып, мықтыларды бірге іріктеп алды. Жаңа таланттардың арқасында компания жұмысы жақсара түсеріне сенімдімін. 

Хакатон – бұл батыс елдерінен алынған тәжірибе. Ол студенттер арасынан ІТ-технологияны жақсы білетіндерді іріктеп алуға септеседі. Республикалық байқауға 12 университет өкілі қатысқан.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков